|
|
|
| Басты бет | Кіру |
![]() |
|
Cіздің сауалыңыз
Free counters |
Жаңалықтар «Сәулелі жырдың сарбазы» атты әдеби кеш
Байғанин аудандық Мәдениет үйінде Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Байғанин ауданының Құрметті азаматы, ақын, жазушы Жақсылық Айжанұлының шығармашылығына арналған «Сәулелі жырдың сарбазы» атты кеш өтті. «Кітапханалық панорама – 2025» семинар.
24 қазан- Кітапханашылар күніне орай «Кітапханалық панорама – 2025» атты кітапханашылар арасында семинар өтті.Сонымен қатар «IQ BATTLE» атты танымдық квиз ұйымдастырылып, кітапханашылар өз білімдерін, логикалық ойлау қабілеттерін және командалық жұмыс дағдыларын көрсетті. Жеңімпаз командалар мен белсенді қатысушыларға естелік сыйлықтар табысталды. «ӨНЕРДІҢ ӨРІСІН КЕҢЕЙТКЕН ТҰЛҒА»
Байғанин ауданында мәдениет саласының қалыптасуы мен дамуына өлшеусіз үлес қосқан, КСРО «Мәдениет саласындағы үздік қызметі үшін» төсбелгісінің, «Құрмет белгісі» орденінің иегері, белгілі мәдениет қайраткері Сарыбаев Сүндет Сарыбайұлының 90 жылдығына арналған «Өнердің өрісін кеңейткен тұлға» атты тұлғалық кеш ұйымдастырылды. Іс-шараның мақсаты – аудан мәдениетінің дамуына елеулі үлес қосқан ардақты азаматтың өнегелі өмір жолын, ел үшін еткен еңбегін өскелең ұрпаққа насихаттау, рухани мұрасын дәріптеу болды. Мөңке бидің 350 жылдық мерейтойы кең көлемде аталып өтті.
Халқымыздың дана биі, көреген, болашақ болжампазы – Мөңке бидің 350 жылдық мерейтойына арналған ауқымды іс-шараға Байғанин ауданы да өз үлесін қосты. «Бір ел - бір кітап» акциясы
"Бір ел - бір кітап" акциясына алынған көрнекті ақын, жазушы, әдебиет сыншысы, Тәкен Әлімқұлов шығармашылығы таңдалып алынған болатын. Осы орайда оқырмандарға "Жазушы және уақыт" атты ақпараттық сағат өткізілді. «ОТБАСЫМ - ТӘРБИЕ ҰЯСЫ»
Аудандық орталық кітапханада, Халықаралық отбасы күніне орай аудандық аналар кеңесі, асыл әжелер алқасы, жастар ресурстық орталығы, аудандық мәдениет үйі бірлесіп “ Отбасым - тәрбие ұясы” атты дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Іс-шараға ауданымызда үлгі тұтарлық, аудандық, облыстық, республикалық “Мерейлі отбасы” байқауының жеңімпаздары, Спановтар отбасы, ұлағатты ұстаздар Сүйесіновтер отбасы, Нұрқасымовтар отбасы. Аудандық, облыстық “ Абысын тату болса...” абысындар байқау жеңімпаздары, Көрпебаевтар отбасы қатысты. Кеш барысында отбасы құндылықтары жайлы пікір алмасылып, қатысушылар өздерінің өмірлік тәжірибелері мен қызықты естеліктерімен бөлісті. Сонымен қатар әндер орындалып, көркемсөз оқылып, күй тартылды. Шара қонақтарына алғыс хаттар беріліп, арнайы сыйлықтар табысталды. Іс-шара отбасылық құндылықтарды насихаттап, көпшілікке жылы әсер қалдырды. «Ерлік пен еңбек – ел мұрасы»
28 тамыз күні Белсенді ұзақ өмір сүру орталығында Байғанин аудандық ардагерлер пленумы өтті.Шара аясында Аудандық орталық кітапхана «Ерлік пен еңбек – ел мұрасы» атты жылжымалы кітап көрмесін ұйымдастырды.Көрмеге өңірімізден шыққан ақын-жазушылар мен ғалымдардың еңбектері қойылып, қатысушылар назарына ұсынылды. Жаңа кітаптар![]() Әлихан Жақсылық |
Біздің мекен-жайымыз:
|